Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстанда 500 теңгелік номиналдағы банкноттар айналымға шықты

Қазақстанда 500 теңгелік номиналдағы банкноттар айналымға шықты

Бүгіннен бастап ресми түрде дизайны өзгертілген 500 теңгелік банкноттар айналымға шықты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, бұл «Қазақ елі» сериясымен шыққан алтыншы банкнот. Ақша белгілері стиліне сай оның түсі де, пішіні де өзгермеген. Ондағы жазулар да «кирилл» әріптерімен таңбаланыпты. Бірақ Ұлттық банк төрағасы латын қаріптеріне көшу үрдісі белең алғанда, ақша таңбаларына да өзгертулер енгізіледі деп отыр. Ал ескі үлгідегі 500 теңгеліктер қолданыстан алынбайды. 2020 жылдың жаз айына дейін жарамды.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Бұл банкнотты айналымға шығару жұмыстары 2015 жылы басталды. Сол себепті ондағы жазу таңбаларын «кириллицамен» басып шығардық. Әрине, бір банкнотты жасап шығу оңай шаруа емес. Осы 500 теңгенің айналымға шығу уақытына қарап, қанша мерзім жұмсайтынымызды ойлай беріңіздер. Әзірге банктердегі кассалық техникалар мен банкоматтардың жадына өзгертулер енгізілісімен, жаңа банкнот толықтай қоғам қолданысына жіберілетін болады.

Сондай-ақ, Данияр Ақышев «Delta Bank» салымшыларымен де ашық диалогтың жүргізілгендігін айтты. Әрі аталған банктегі жиғандары жойылмайтындығын және салымшылар өз қаражаттарын толықтай қайтып алады деді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ