ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығында ТМД аумағындағы алғашқы «Үстірт жазығы» бірлескен номинация жобасын қарастыру процесі басталды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық құрылтайдың 3-отырысында Президент берген тапсырманың қалай орындалып жатқаны туралы жазды. Қазір тарихи-мәдени мұра нысаны сараптамадан өткізілген. Бұл жұмысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, археология және реставрация саласындағы қазақстандық сарапшылар қатысты.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Аталған нысанға қатысты түпкілікті шешім ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 2026 жылғы шілдеде өтетін отырысында қабылданады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығында ТМД аумағындағы алғашқы «Үстірт жазығы» бірлескен номинация жобасын қарастыру процесі басталды. Осылайша, Ұлттық құрылтайда жарияланған президенттік бастамаларды нақты жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр.