$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда тағы бір оқушының өлі денесі өз үйінен табылды

AstanaTV
25.09.2025ж. 19:00
Таразда тағы бір оқушының өлі денесі өз үйінен табылды

Таразда тағы бір оқушының өлі денесі өз үйінен табылды.  9 сыныпта оқитын жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсағаны анықталған. Бұл жағдайға байланысты  психологиялық қолдау орталығынан жұмысшы тобы құрылып,  тексеріс басталды. Қайғыдан қара жамылған отбасыға психологиялық қолдау жұмыстары жүргізілген. Кәмелетке толмаған жасөспірім тәртібі жағынан есепке алынбаған.  Сабақ үлгерімі жақсы, сабырлы, өзгелермен де қарым-қатынасы қанағаттанарлық болған. 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ:

Қазіргі уақытта тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған факт Тараз қаласы ПД-не тіркелді. Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа мәліметтер жариялауға жатпайды.