$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде биязы жүнді қойдың саны күрт азайып барады

Елімізде биязы жүнді қойдың саны күрт азайып барады

Елімізде биязы жүнді қойдың саны күрт азайып барады. Бұл туралы сенатор Талғат Жүнісов өзінің депуаттатық сауалында көтеріп, алаңдаушылық білдірді. Ол соңғы екі жылда тұқымдық мал саны екі есеге азайған дейді. Мәселен 2022 жылы 409 мың аналық болса, өткен жылы 250 мыңға дейін төмендеген. Оған себеп өңдеу кәсіпорындарының жабылуы, жаңа өндірістердің болмауы және жүннің сатып алу бағасының күрт төмендеуі дейді.

ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазіргі жағдай үлкен алаңдаушылық тудырады. Биязы жүнді қой тұқымдары - бірнеше буын ғалымдар мен мамандардың көпжылдық еңбегінің нәтижесі әрі халқымыздың құнды мұрасы. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, Қазақстан жоғары экспорттық әлеуеті бар стратегиялық маңызды саладан айырылуы мүмкін.