$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сәтпаев индустриалдық колледжінің студенттері дуальды оқытудың арқасында жұмысқа орналасып жатыр

25.09.2025ж. 19:00
Сәтпаев индустриалдық колледжінің студенттері дуальды оқытудың арқасында жұмысқа орналасып жатыр

Ұлытау облысындағы Сәтпаев индустриалдық колледжінің студенттері дуальды оқытудың арқасында жұмысқа орналасып жатыр. Техникалық кәсіппен  қатар «Аспаз» және «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері» мамандықтарына сұраныс көбейген.

Сәтпаев индустриалдық колледжі -Ұлытау облысындағы беделді оқу орындарының бірі. 85 жылдық тарихында мыңдаған жас маман түлеп ұшты. Бүгінде дуальды оқыту арқылы өңір кәсіпкерлері мен серіктестерді біріктіре отырып студенттерге жан- жақты білім береді.

ГҮЛШАТ ӘБСАЛЫҚОВА, СӘТПАЕВ ИНДУСТРИАЛДЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің басты мақсатымыз жастардың жұмысшы мамандықтарына деген құрметін қалыптастыру. Ол үшін әрине кәсіби дайындықты күшейту қажет. Бұған дуальды оқытудың пайдасы тиіп отыр. Оқудың 60% -ы өндірісте өтеді.  

Қазір «Аспаз» және «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері» мамандықтарына сұраныс жоғары. Студенттер бірінші курстан кейін тәжірибеден өте бастайды. Бұл олардың шеберліктерін шыңдайды.

ТҰРСЫНАЙ СЕРІКОВА, СӘТПАЕВ ИНДУСТРИАЛДЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Қазіргі адамдар комфортный жақсы үйде тұрғысы келеді. Біз соларды әрлейміз, сәндейміз. Малярка, сурет салу, дизайн жағын үйренеміз.

ГҮЛМИРА ЖҰМАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Жұмысшы мамандықтарының жылы колледждер үшін тың серпін берін жаңа көзқарастар мен жаңа идеяларға толы жыл болды. 2025-2026 оқу жылында жұмысшы мамандықтарына 542 студент қабылданды. Жұмысшы мамандықтарына оқитын студенттердің көпшілігі дуальды оқытумен қамтылған.

Сәтпаев индустриалдық колледжінде автожөндеуші, механик, токарь, станокшы мамандықтары да оқытылады. Білікті педагогтар студенттерді шеберлікке  баулиды.