$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Климат пен экологияға қатысты жаңа зерттеу жарияланды

Климат пен экологияға қатысты жаңа зерттеу жарияланды

Климат өзгеріп жатыр. Күн ыстығы күшейіп, қыста қар аз жауа бастады. Бүгін Президенттік орталықта осы мәселеге қатысты қазақстандықтардың көзқарасын анықтаған зерттеу нәтижелері таныстырылды. Шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырылған. Жиында «Климат: кері есеп» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға елдің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық жұмыс  түскен. Үздік деп танылған еңбектер климаттың өзгеруі мен биоәртүрліліктің азаюы туралы қоғамның хабардар болуына үлес қосты. Жиынға қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық сананы қалыптастыруға, әрі тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге жол ашады.

МАНСҰР ОШУРБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бүгінгі зерттеу қазақстандықтардың экологияға бейжай қарамайтынын көрсетті. Әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Біз үшін басты мақсат - қоғаммен бірлесе отырып табиғатты қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және «Таза Қазақстан» жобасын жүйелі түрде жалғастыру.