Қала тұрғындарының пәтерлеріне жылу жоспарланған мерзімнен сәл ертерек берілді: 24 қыркүйектен бастап Көкшетаудың кейбір аудандарындағы үйлердің батареялары жылына бастады, деп хабарлайды Astana TV.
Көкшетау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, облыс орталығында 2025–2026 жылғы жылыту маусымы басталды. Жылу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен берілуде.
Алдымен – 25 қыркүйекке дейін – мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге, оқу орындарына, емдеу-профилактикалық ұйымдарға, балалар үй-интернаттарына, мүгедектер үйлеріне жылу жеткізіледі.
27 қыркүйекке дейін тұрғын үй қорының барлық нысандарына, мемлекеттік әкімшілік ғимараттарға және өзге де жылу тұтынушыларға жылу беріледі.