$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда кейбір көшелер уақытша жабылады

26.09.2025ж. 12:12
Алматыда кейбір көшелер уақытша жабылады

Алматыда 28 қыркүйекте өтетін дәстүрлі Almaty Marathon аясында бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі,-деп хабарлайды Astana TV.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жолдар 27-28 қыркүйек күндері таңғы 06:00-ден 12:30-ға дейін жабық болады.



Бұл жылы марафонға 60-тан астам елден келген 16 мың спортшы қатысады.