«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы төрт ай ішінде 11 өңірді аралап, 50 мыңнан астам адамға тегін көмек көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.
Хирург Анар Ибрайымова 4 шаршы метрлік купеде 180-нен астам шағын операция жасаған.
Медпойыз 11 өңірде 68 станцияға тоқтап, 50 мыңнан астам адамға тегін көмек көрсетті.
Жалпы биыл 123 станцияға тоқтап, шамамен 90 мың ауыл тұрғынына медициналық қызмет көрсету жоспарланып отыр.