Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік іспен қатар қылмыстық іс те қозғаған. Мас күйінде «Kia Rio» көлігін жүргізген рэп орындаушысы енді Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Qarakesek ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Егер іс сотқа жетіп, оның кінәсі дәлелденсе 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына тартылады. Қылмыстық іс бойынша 40 тәулікке қамаққа алынуы да мүмкін.