$541.34 €640.73 ₽6.53
×

2,2 млн жұмыс орнын технологиялар мен жасанды интеллект алмастыруы мүмкін

26.09.2025ж. 23:31
2,2 млн жұмыс орнын технологиялар мен жасанды интеллект алмастыруы мүмкін

ҚР Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 2,2 млн жұмыс орнын технологиялар мен жасанды интеллект алмастыруы мүмкін.

 Қазірден бастап оқуға тұрарлық бағыттар:

• жасанды интеллект саласындағы әзірлеу және инжиниринг
• деректерді талдау
• киберқауіпсіздік
• жаңартылатын энергетика
• «жасыл» технологиялар және тұрақты даму
• HR және кадрларды басқару
• оқыту, тәлімгерлік, тренинг
• психология және кеңес беру

 Microsoft зерттеуіне сәйкес, жойылу қаупінде тұрған мамандықтар қатарында аудармашылар, жазушылар, телефон операторлары, радио жүргізушілері, саясаттанушылар, математиктер және тіпті хостестер бар.

 Еңбек нарығы өзгеруде, ал бүгінгі басты инвестиция — жаңа білім мен дағдылар.