$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстандықтар енді онкоскринингтен тегін өте алады

26.09.2025ж. 17:44
Қазақстандықтар енді онкоскринингтен тегін өте алады

Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік тексерулер (онкоскрининг) халық үшін тегін қолжетімді болды.

Бұл өзгеріс биыл көктемде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң аясында енгізілген еді. Ал 23 қыркүйекте Үкімет аталған шешімді ресми түрде бекітті.

Бұған дейін қатерлі ісікті анықтауға арналған скринингтер тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы жасалатын. Енді оны барлық азамат тегін өте алады.
 

Жаңа ереже «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық реттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында жүзеге асырылды.