Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Олар екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына тоқталып, өзара байланыстың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады. Сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына байланысты дайындығы да сөз болды. Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.