$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Ұлытау облысында ауыл бизнесін өркендетуге жол ашты

26.09.2025ж. 19:00
«Ауыл аманаты» бағдарламасы Ұлытау облысында ауыл бизнесін өркендетуге жол ашты

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Ұлытау облысында ауыл бизнесін өркендетуге жол ашты. Өңір жеке аймақ мәртебесін алғалы тұрғындарға шағын және орта бизнес бастап дамытуға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаражаттың арқасында 4 жүзден астам азамат кәсібін дөңгелетіп отыр. Айжан Қуаштың репортажы.

Ерден Сатыбалдин 10 жылдан бері мал өсіреді. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы арқылы төменгі пайызбен 30 млн теңгеден астам несие алып Жезқазған маңындағы Талап ауылына қасапхана салды. Өз қаражатына тұрғызған бордақылау алаңы бар. Осылайша өңірді табиғи ет өнімдерімен қаматамсыз етпекші.

ЕРДЕН САТЫБАЛДИН, «АҚҚИЯҚ» АӨК БАСШЫСЫ:

Бұл өте жеңіл, әрі жақсы. 2 жарым пайыз деген ол ештеңеге тұрмайтын нәсре ғой. Өте көмек, үлкен көмек біздің облысымызға. Тогымыз бар, суымыз бар енді ары қарай бізге газ берсе деген үміттеміз.Колбаса жасайтын, фарш шығаратын цехтар табиғи ет, табиғи өніммен қамтамасыз ету үшін осы нәрсеге бардық.

Ұлытау жеке аймақ мәртебесін алғалы тұрғындарға шағын және орта бизнес бастап дамытуға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаражаттың арқасында 4 жүзден астам азамат кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның 90 пайызы ауылшаруашылық саласына берілген. Қалған 10 пайызына шаштараз, көлік жуатын орын, дәмхана, дүкендер ашылды.

АЛМАТ САУХИМОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Оған 420 несие берілді. 16 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Ауылдың тұрғындарына жақсы қаржылай көмек болды. «Ауыл аманатының» 90 пайызы мал шаруашылығына жұмсалды.

Биыл ауыл кәсіпкерлеріне аталған бағадрлама бойынша, сондай- ақ облыс бюджетіне қосымша тағы қаражат бөлінеді. Оған шаруалар қондырғы немесе ауыр техника алады.