Қыркүйектің соңғы жексенбісі- машина жасаушылар күні. Ел үкіметі осы салаға айрықша қолдау көрсетіп отыр.Өйткені экономика үшін өте маңызды. Осы бағытты қарқынды дамыту мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бар. Биыл алғашқы тоқсанда салаға 55 млрд теңге инвестиция салынды. Былтыр 280 млрд теңгеден асқан. Елімізде 4 мыңға жуық көлік құрастыратын кәсіпорын бар. Оның 60-тан астамы- ірі. Мәселен Қостанайда жылына 70 мың автокөлік шығаратын зауыт бой көтерді.Бұл жерде жұмыс істейтін мамандар жергілікті білім ошақтарында даярланады.
ЕЛДИЯР АЗБЕРГЕНОВ, ИНЖЕНЕР-САРАПШЫ:
Машина жасау саласы өте ауқымды сала. Яғни бір жағынан бізде жеңіл көліктер дамыса, екінші жағынан ауыл шаруашылығы техникалары туралы да ұмытпаймыз. Сонымен қоса мысалы ауыл шаруашылықта менің білуімше екі үлкен зауыт бар.Яғни қосалқы бөлшектер шығаратын, трактор жинайтын кем дегенде екі зауыт бар.