Талдау орталықтары – инновациялардың инкубаторы әрі саясат қалыптастыру зертханасы. Бұл туралы Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының екінші форумында айтылды. Онда саяси сенім мен дипломатиялық қарым-қатынастан бастап цифрлық трансформацияның, жасанды интеллектінің болашағы мен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудің келешегіне дейінгі ауқымды мәселелер талқыланды. Ұйымдастырушылар оны үш тақырыптық сессияда қарады. Екі елдің талдау орталықтарының форумы екі ел сарапшылары арасындағы нәтижелі диалогтың жалғасы болып отыр. Бұған дейінгі форум былтыр Бейжіңде өткен еді.