$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда ерекше білім беруді қажет ететін 8 мыңнан астам бала бар

26.09.2025ж. 19:00
Павлодарда ерекше білім беруді қажет ететін 8 мыңнан астам бала бар

Павлодар облысында ерекше білім беруді қажет ететін 8 мыңнан астам бала бар. Оның 2 мыңының мүмкіндігі шектеулі. Яғни, түрлі ауруға шалдыққан. 700-ге жуық бала аутизммен ауырады. Өңірде балалардың денсаулығын түзеп, білім алуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Аймақта 34 арнайы мекеме осы жұмыспен айналысады. Мектептер жанынан да арнайы  кабинеттер ашылған.  20 білім беру ордасында логопед орталығы жұмыс істейді. Соның бірі жақында Павлодар қаласындағы №7 мектеп жанынан ашылды. Мұнда балалардың білім алып, дамуына барлық жағдай жасалған. Тілі дұрыс шықпаған, ой дамуы тежелген оқушыларға логопед, психолог тағы басқа мамандар арнайы бағдарлама бойынша оқытады. 

ӘСИЯ ТӨЛЕНБЕК, ЛОГОПЕД:

Осы балалардың диагнозына байланысты түрлі түрлі методиканы қолданамыз. Аутисттік спекторы бар балаларға мен өзім жеке бір методикамды тактикамды қолданам. Олар ол бір көмегін тигізеді. Ал жеңіл ой бұзылысы бар балаларға оларға басқаша тактика қолданам.