2025 жыл қазақстандықтардың шетелге сапарларының саны бойынша рекордтық жыл болуы ықтимал
Дүниежүзілік туризм күні «Туристік Қамқор» қоры шығу туризміндегі оң серпінді атап өтеді. Сала деректеріне сәйкес, 2025 жыл қазақстандықтардың шетелге жасаған сапарларының саны бойынша рекордтық жыл болуы мүмкін.Тек 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының өзінде 920 мың қазақстандық тур пакеттер арқылы шетелге демалуға шыққан. Салыстыру үшін: 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 1 миллионнан сәл ғана асқан, ал 2023 жылы шамамен 800 мың болған. Осылайша, қазіргі көрсеткіштер тұрақты өсімді көрсетіп, жылдың соңына қарай тарихи рекорд орнайтынын болжауға мүмкіндік береді.
Шетелдік сапарлардың көбеюі қазақстандықтардың саяхат географиясының да өзгеруіне алып келді. 2025 жылы көшбасшы дәстүрлі түрде Түркия болып отыр - барлық сапарлардың 20,08%-ы осы елдің үлесінде.
Алайда маусымның нағыз жаңалығы Вьетнам болды. Бұған дейін ол қазақстандықтардың демалыс жоспарында сирек таңдалатын бағыттардың бірі болса, бүгінде сенімді түрде фавориттердің қатарына енді: 73 442 сапардың арқасында екінші орынға шығып, Мысырды (62 412 сапар) басып озды.
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ең көп сұранысқа ие болған бағыттар:
• Түркия — 20,08%
• Вьетнам — 7,98%
• Мысыр — 6,78%
• БАӘ — 4,365%
• Қытай — 1,51%
• Грузия — 1,15%
• Тайланд — 1,11%
• Катар — 1,04%
• Мальдив аралдары — 0,72%
• Черногория — 0,33%
Бұл бағыттардың танымалдығы қолайлы әуеқатынастарына, икемді визалық саясатқа, сондай-ақдемалыс түрлерінің әр алуандығына байланысты:отбасылық және жағажайлықтан бастап экскурсиялықжәне мәдени туризмге дейін.
«Бүгін, Дүниежүзілік туризм күні, қазақстандықтардың әлемді белсенді түрде ашып жатқанын көріп отырмыз. Шығу туризмінің өсуі туроператорларға деген сенім мен саяхат мәдениетінің артып келе жатқанын білдіреді. “Туристік Қамқор” қоры туристердің құқықтарын қорғау жұмысын жалғастыруда: туркод жүйесі туроператор өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда азаматтардың Қазақстанға қайтарылуын қамтамасыз етеді. Бұл — азаматтарымыздың саяхат кезінде алаңсыз әрі сенімді болуына мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы», — деп атап өтті «Туристік Қамқор» қоры.