$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Монша өртенді

Монша өртенді

Өрт сөндірушілер монша кешеніндегі өртті сөндірді.

Бүгін Қызылорда қаласында М.Сужикова көшесінде орналасқан монша кешенінің ауласындағы ағаштан салынған кішігірім монша жанып, салдарынан жалын үш қабатты үлкен моншаның төбе жабынына көшкен.

Құтқарушылар жалпы алаңы 260 шаршы метрді қамтыған  өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.