$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Барыс жеңіске жетті

Барыс жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасында  «Барыс» «Сибирь»  командасын қабылдады.

Қонақтар алдымен екі шайба соқты.  Оған «Барыс» сапынан Семён Симонов 8, Дмитрий Бреус 22-минутта екі голмен жауап беріп, таразы басын теңестірді.

Қонақтар қарап қалмады. Олар қайта алға шыққан. Бірақ барыстықтар тынымсыз шабуылдап, төрт мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. Қорытынды есеп 6:4.