$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астан ұшынған 2 мың балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

28.09.2025ж. 17:32
Астан ұшынған 2 мың балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Өзбекстан Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитетінің бірінші орынбасары Нурмат Атабеков мәлім етті, деп хабарлайды Astana TV.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Ташкент облысындағы мемлекеттік балабақшаларда балалар астан уланып, 960-тан астам бүлдіршін ауруханаға жатқызылса, түрлі шағымдармен дәрігер көмегінге жүгінгендердің саны 1 940-тан асты.

– Ең бастысы – барлық балаға көрсетіліп жатқан медициналық көмек мемлекеттің қатаң бақылауында. Ем оң нәтиже беріп жатыр, - деді Нурмат Атабеков.

Құқық қорғау органдары аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 адам қамауға алынды. Оның ішінде үшеуі сүт өнімін шығаратын компанияның қызметкері болса, қалғандары балабақшаларға азық-түлік жеткізетін фирмалардың өкілдері.