$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Газа секторында қайтыс болғандар саны 66 мыңға жетті

29.09.2025ж. 08:17
Газа секторында қайтыс болғандар саны 66 мыңға жетті

Израиль әскерінің қоршаудағы Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 2023 жылдың 7 қазанынан бері 66 050-ге жетті, деп хабарлайды Astana TV.

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тек соңғы 24 сағатта эксклавтағы атқылаудан 79 адам қаза тауып, 379 адам жарақат алған.

Израиль әскері 19 қаңтарда Хамаспен атысты тоқтату туралы келісімін 18 наурыз күні бұзды. Содан бері шабуылдардан 13 137 палестиналық қаза тауып, 56 121 адам жарақат алды.

27 мамырдан бері Израильдің АҚШ-пен келісе отырып құрған көмек тарату орталықтарына жасалған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 2566-ға жетіп, тағы 18769 адам жараланды.

Ал 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылдарынан жарақат алғандардың саны 168 162-ге жетті. Сондай-ақ мыңдаған құрбанның мәйіті қираған ғимараттардың астында қалды.