$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда қар жауды

29.09.2025ж. 11:23
Қостанайда қар жауды

Ауа райының нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет тәртібіне көшті,-деп хабарлайды Astana TV.

Ерекше назар Қарабалық ауданына бағытталған KAZ-03 Қостанай – Алматы – Екатеринбург республикалық автожолында болды. Таңғы сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін жол шетіндегі сайдан 9 автокөлік шығарылды. 

Полиция жүргізушілерге ауа райы болжамын алдын ала мұқият қарап, сапар бағытын соған сәйкес жоспарлауды ұсынады. Қала ішінде жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, алыс арақашықтықты сақтап, кенеттен маневр жасауға жол бермеу маңызды. Трассада жылдамдықты асырып жібермей, басқа көліктерді басып озу немесе кез келген маневрді жасамас бұрын жол жағдайын жан-жақты бағалау қажет.

 Сонымен қатар қатты жел соғып тұрған кезде көліктерді ағаштың жанына қоймауға ерекше назар аударған жөн, себебі сынған бұтақтар мен құлаған ағаштар көлікке зиян келтіруі мүмкін.