$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралда баласын жертөлеге тастап кеткен анаға сот үкім кесті

AstanaTV
23.11.2017ж. 20:00
3095
Оралда баласын жертөлеге тастап кеткен анаға сот үкім кесті

Оралда баласын құрылыс алаңына тастап кеткен анаға сот үкім кесті. Сот Зарина Досмұхамбетованы Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-бөлімі, яғни кәмелет жасына толмағандарды қауіпті жағдайда қалдыру бойынша кінәлі деп тапты. Осылайша оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға жегу түріндегі жаза тағайындалды.

Асқар Исмаилов, Орал қалалық сотының судьясы:

Қоғамдық жұмысты арнайы мемлекеттік уәкілетте органдар айқындайды, яғни қоғамдық жерлерде көше сыпыру болсын, басқа да жұмыстар бар. Сотта кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, баласын алып кеткісі келетінін мәлімдеді. Уәкілетті органдар айқындайды - баланы қайтара ма, жоқ па, қазіргі таңда өзі қайтарам деп жүргенін айтты.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 26 маусым күні Оралдағы құрылыс алаңындағы жертөледен нәресте табылған еді. Араға төрт күн салып, сәбидің анасы да анықталған болатын. Ол перзентханада босанған ұлын бөбектер үйіне тапсыруға шығып, адасып, ақыры салынып бітпеген үйдің жертөлесіне тастап кеткенін айтқан. Судьяның айтуынша, егер балаға зиян келсе, онда анасының 5 жылға дейін сотталуы мүмкін еді. Тастанды балаға Әлижан деп ат қойылған. Қазір ол Оралдағы бөбектер үйінде.