$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрін қабылдады

29.09.2025ж. 19:00
Президент Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрін қабылдады

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету жөнінде тапсырма берді.  Сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайту керегін шегеледі.