$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп: «Мен Израильдің Палестинаны жаулап алуына жол бермеймін»

Трамп: «Мен Израильдің Палестинаны жаулап алуына жол бермеймін»

Францияның бұрынғы спикері Николя Саркози 5 жылға сотталды. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасын заңсыз қаржыландырды деген күдікке ілініп отыр. Трамп болса, тик-токты америкалық инвесторлардың сатып алғанын растады. Одан бөлек, әлеуметтік жеплінің жұмыс жасауына ресми рұқсат берді. АҚШ Президенті алғаш рет Израильге қарсы шықты. Палестинаны басып алуға жол бермеймін, - дейді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Францияның экс-Президенті – Николя Саркози 5 жылға сотталды. Ол 2007 жылы Ливияның сол кездегі басшысы Муамар Каддафиден заңсыз ақша алды деп істі болды. Ол сот залынан бірден абақтыға аттанбады. Керісінше, сұхбат беріп, сот процессін сынға алды. Дегенмен, бір ай ішінде темір тордың ар жағына тоғытылады.

НИКОЛЯ САРКОЗИ, ФРАНЦИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бұл шешімді абыроймен қарсы аламын. Олар менің түрмеде ұйықтағанымды қаласа, түрмеде ұйықтаймын. Әділеттілік үшін соңына дейін күресемін. Ешқайда қашпаймын. Бірақ, барлық француздарға айтарым бір. Мен – кінәсізбін.

Тик-токты америкалық инвесторлар сатып алған. Бұл туралы Трамптың өзі мәлімдеді. Оған қоса, әлеуметтік желі енді заңды түрде жұмыс істейтінін хабарлады. АҚШ Президенті тиісті жобаға да қол қойды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Төраға Сиді мен құрметтеймін. Ол да сондай пейіл танытады деген үміттемін. Біз тик-ток туралы көп сөйлестік. Қазір, бұл әлеуметтік желіні америкалық ең мықты инвесторлар бақылайды. Көпшіліктің сұранысынан кейін, бұл платформа өз жұмысынан таймайтындай жағдай жасадым. Бірақ, АҚШ Ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келмейтіне көз жеткіздік.

Трамп кенеттен Палестинаны қорғайтын болып қалды. Израильдің басып алуына жол бермейтінін айтуда. Айта кетейік, Иордан өзенінің Батыс жағалауы Палестина аумағы деп танылған. Бірақ, Израиль арабтардың жерін тартып алуда.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Иордан өзенінің, яғни, Палестинаны Израильдің басып алуына қарсымын. Оған жол бере қоймаймын. Жуырда ғана, Израиль Премьер-министрімен кездескенімді білесіздер. Оған да бұл ұстанымымды жеткіздім. Израильге тоқтайтын уақыт келді. Таяу Шығыстағы барлық мемлекеттермен әрдайым байланыстамын. Барлығымыздың сөзіміз бір жерден шығып тұр.

Перу астанасында қайтадан наразылық акциялары басталып кетті. Жергілікті халық Президенті Дина Болуарте қызметінен кетсін деген талап қойып отыр. Айта кетсек, Болуартенің өзі 2022 жылы алдыңғы Президент Кастильоны тақтан тайдырған еді.