Павлодарда 12 жастағы өгей қызын зорлаған педофил сотталды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сұмдық оқиға Шарбақты ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. 35 жастағы өгей әкесі қаршадай қызды үнемі зорлап, қорлап келіпті. Бұнымен қоймай, ол қыз баланы азғындық жолға да салмақ болған. Сот барлық мән-жайды ескере отырып, қылмыскерге ең ауыр жаза кесуге шешім шығарды. Өгей әкесі қыздың анасымен 5 жылдан бері бірге тұрған.
АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сотталушының кінәсі жас бала жәбірленушінің, оның өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушы жасаған қылмыстар аса ауыр және ауыр қлымыстар санатына жатады.