$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Орталық-Батыс" автожолы: жаңа мүмкіндіктер

AstanaTV
29.09.2025ж. 19:00
"Орталық-Батыс" автожолы: жаңа мүмкіндіктер

Елімізді Еуразиядағы көлік дәлізіне айналдыру бағытында Ақтөбе облысында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ырғыз-Торғай-Арқалық-Астана бағытындағы автожолдың құрылыс жұмыстары келер жылы басталуы тиіс. Бұл жоба өңірді ғана емес, бүкіл шығыс-батыс бағытын байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналмақ.  Сондай-ақ, халықаралық әуежай базасында арнайы экономикалық аймақ құрылған.  Мұнда инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер бар. «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен түркиялық «ESIS» компаниясы бірігіп әуежайда көлік-логистикалық ХАБ құрмақ. Жобаның капсуласы салынды. Құрылыс келер жылы басталады.

ЕСЕТ АМАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес Орталық Батыс автомобиль жолының кеңейту мақсатында, Ырғыз-Торғай-Арқалық-Астана авто жолын салу мақсатында қазіргі таңда құжаттама дайындау жұмыстары жүріп жатыр. 2026 жылдары құрылыс жұмыстарына кірісу жоспарланып отыр.