$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында форумда өтті

Қызылордада «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында форумда өтті

Мемлекет басшысы Жолдауда азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керектігін айтқан болатын. Азаматтық сектор халық пен билік арасындағы көпір іспетті. Олардың қоғамдағы рөлі мен белсенділігінің жоғары болуы маңызы. Бұл туралы Қызылордада «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында өткен форумда талқыланды.

Форумға қатысушылар Бесарық және Нағи Ілясов ауылдарына барды. Секциялық отырыстарға қатысып, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешу, қоғамдық бақылау жүргізуге ҮЕҰ-дарды тарту жайын талқылады. Себебі бұл азаматтық белсенділіктің белгісі дейді қатысушылар. Сонымен қатар ҮЕҰ-дарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы айтылды.

ЖАНАРГҮЛ ӘЛЖАНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Неліктен біз бұл тақырып Қызылорда облысы үшін өзекті болып табылады. Өйткені осында керемет осындай ауылдық мекендерді дамытуда ҮЕҰ қосатын үлесінің нақты керемет үлгісінің үздік тәжірибелері бар. ҮЕҰ қолдау бағытында министрлік тарапынан мемлекеттік саясат іске асырылуда. Оның ең беріншісі заңнамалық қызмет.

Аймақта соңғы 3 жылда әлеуметтік жобаларға 3 жарым млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Нәтижесінде 3 мың адам жұмыспен қамтылған. Бастамалардың 200-ге жуығы ауыл тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылған. Ал басым бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, бірлікті нығайтуға бағытталған.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мемлекеттің табыстылығы ҮЕҰ-дардың жемісті әрі тиімді қызметіне тікелей байланысты. Елімізде азаматтық институттар мемлекеттік маңызды жұмыстармен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Қоғамдағы мәселелерді шешуге халықты жұмылдыру, ҮЕҰ қатыстыру мемлекеттің басқару жүйесіндегі ұтымды тәжірибе.

Форум облыс әкімдігі, жергілікті Азаматтық альянс қауымдастығы, Қазақстанның Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өтті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймақта 15 қоғамдық ұйым болған. Қазір олардың саны мыңға жеткен. Оның 300-і өңірдің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріне белсенді араласуда.