$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Nazarbayev University ауыл мектептерінің түлектеріне арнайы гранттар ұсынады

AstanaTV
29.09.2025ж. 19:00
Nazarbayev University ауыл мектептерінің түлектеріне арнайы гранттар ұсынады

Nazarbayev University   ауыл мектептерінің түлектеріне арналған гранттық бағдарламаны іске қосты. Осыған орай оқу орны  ашық есік күні өтті. Оған  14 мыңнан астам ата-ана, оқушы және студент қатысты.

Ашық есік күніне келгендерге  алдымен университетке қабылдау ережелері таныстырылды. Содан соң жоғары оқу орынының жаңа бағдарламалары туралы ақпарат берілді.  Профессорлармен және түлектермен жүздесті, заманауи зертханаларды, FabLab, TechnoPark пен стартап-орталықтарды аралады. Кәсіби мамандардан кеңес алып, сұрақ қою мүмкіндігін алды. Сонымен қатар қонақтарға Formula 1 болидінің көрсетілімі көрсетілді.

БЛИЦ:

- Шетелге өзімнің білімімді шыңдауға және ақтауға барғым келеді. Осы ашық күн фестиваліне келген себебім мен ағылшын тілін ағылшын елдері қалай үйрететінін көргім келді өз көзіммен және оның жүйесін түсінгім келді.

- Кішкентай кезімнен бері мен биология және психология, невропотологияға қатты қызығам. Осы ниетпен анам әкелген осы жерге. Себебі қалай түсе алам, не істеу керек соны білгім келеді.

Nazarbayev University – инженерия, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар, медицина, бизнес, білім беру және мемлекеттік саясат салаларын қамтитын сегіз мектеп пен шамамен 8 000 студенті бар жетекші жоғары оқу орны. Университет түлектерінің 98%-ы жұмысқа орналасқан. Оның 92 пайызы елде қалған. Сондықтан оқу орынына ата-аналардың қызығушылығы жоғары.

ГҮЛНҰР ДҮЙСЕҒАЛИЕВА, АТА- АНА:

Nazarbayev Universityде керемет осындай ашық күндер жариялап жатыр. Ашық есік күні. Соған қызымды алып келіп осы болашақта осы универистетке түссе деп сондай мақсатпен келудеміз.Керемет шаралар өтіп жатыр. Өте керемет ақпарат алып жатырмыз. 

Биыл университетке 10 мыңнан астам өтініш түсіп рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 40 пайыз көп. 

ВАКАР АХМАД, NU ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл университетке деген сенімнің және беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз мемлекеттік гранттар бойынша 2 409 студент қабылдай аламыз, одан бөлек, университеттің өзінің гранттық бағдарламалары мен ақылы оқу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жаңа жобаларды іске асырудамыз.

Nazarbayev University-не оқу үшін өзге елден  келетіндер де  көбейген. Оған жоғары оқу орнының халықаралық беделі тікелей негіз болып отыр. Times Higher Education рейтингі бойынша университет әлемдегі ең үздік ЖОО-ның 24% қатарына кірсе, оның Жоғары білім беру мектебі үздік 200-дің ішінде. Биылдың өзінде Қытай, Ресей және АҚШ-ты қоса алғанда 44 елден жүздеген өтініш түскен.