$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда еңбек күніне орай «Жастар Рухы» жастар қанаты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды

Алматыда еңбек күніне орай «Жастар Рухы» жастар қанаты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты еңбек күніне орай Алматы қаласында жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жүзден астам кәсіпорын мен ұйым  жұмыс орындарын, тағылымдамаларды және кәсіби тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін ұсынды. Шараның мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, кәсіби бағдар беру және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, мамандық таңдауға көмектесу үшін еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп 35 жоғары оқу орнында және колледжде ақпараттық-ағартушылық кездесулер өтті.

ҚУАНЫШ ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еңбекке араласуына жастардың, сонымен қатар қоғамда өз орындарын анықтауына бағытталған маңызды бастама және мамандығына сай жұмыс табуына. Партиямыз әрдайым жастарды кәсіби дамуына одан бөлек мына еліміздің болашағына белсенді үлес қосуына қолдау көрсетіп келеді.