Бүгінде жасанды интеллект білім қуған жастардың көмекшісіне айналды. Студенттер тың технологияны кеңінен пайдалануға көшкен. "Сабаққа қажет материал мен түрлі деректі жинау үшін жасанды зерденің жәрдемі зор",- дейді жастар.
БЛИЦ:
- Уақыт аз болғаннан кейін, кітапханаға барып үлгірмегеннен кейін жасанды интеллектімен қараймыз және оны қарап алғаннан кейін екі-үш деректерді былай тексеріп аламыз өзіміз.
- Студенттердің ата-аналары балаларын онлайн үйде отырып-ақ та балаларына жатақхананы ала алады. Университетке кірер кездегі фейс-айдиді айтуға болады және де толыққанды сабақ туралы мәліметтерін онлайн платформа арқылы ала алады. Осының бәрі жасанды интеллектінің жемісі деп айта аламын.
- Президентіміздің өзінің жолдауында жасанды интеллектіні дамыту керектігін айтты. Қазіргі таңда өзім осы жұмыс кезінде видео түсірер кезде осы жасанды интеллектіні пайдаланамын. Мысалы, афиша жасау кезінде әртүрлі анимациялармен жасанды интеллектіні пайдаланып, видеолар жасаймын.