$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен 100 ден астам жас маман жұмысқа тұрған

29.09.2025ж. 19:00
Қарағанды облысында биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен 100 ден астам жас маман жұмысқа тұрған

Қарағанды облысында биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 100 ден астам жас маман жұмысқа тұрған. Оның көпшілігі мұғалімдер мен дәрігерлер. Келесі орында спорт мәдениет, аграрлық және әлеуметтік қамсыздандыру саласы тұр. Мамандарға көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға 1 млрд шамасында бюджеттік кредиттер бөлінген. Айта кетейік, өңірде әсіресе дәрігер тапшы. Сондықтан елдімекендерде фельдшерлік - акушерлік пункттер ашылып, оларға жас мамандар шақыртылып жатыр. Ислам Серікбаев та жуықта Бұқар жырау ауданының Тоғызқұдық ауылына жұмысқа орналасты. Кентте жаңа дәрігерлік амбулатория ашылған. Тұрғындар дәрігерді көп күткен еді.

ИСЛАМ СЕРІКБАЕВ, ТОҒЫЗҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕРІ:

Ауылда маман иесі, узкий специалист барлық маман иесі жетіспейді. Бүкіл болашақ коллегаларыма айтарым міндетті түрде қорықпайкелсеңіздер болады.