«Көш» үстел ойынынан алғаш рет турнир өтті. Әзірге тек журналистер мен депутаттар арасында ұйымдастырылды. Стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын «Көш» ойыны Ұлттық салт-дәстүрдің элементтерін қамтиды. Концепциясы бойынша, төрт фигура, төрт түлікті білдіреді. Алғашқы чемпионатта барлық-дерлік республикалық телеарналар үстел үстінде бақ сынады. Оған қоса, Мәжіліс депутаттары да бір команда болып, шеберліктерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойнаймын деп ниет білдірушілер болса, жарыстардың санын да ауқымын да арттыру жоспарда бар.
ЕРТАС ЖАҚЫПБАЙ, «КӨШ» ОЙЫНЫНЫҢ АВТОРЫ:
Әлемде үстел ойындарының тарихы терең. Тіпті, 5 мың жылға дейін барады. Өзіміздің тоғызқұмалақтың өзінің тарихы терең. Оларды әртүрлі санатқа бөліп қарастыруға болады. Олар үстел үстінде және стратегиялық деп қарастырылады. «Көшті» синтездік ойын деп атауға болады. Себебі, ол – екеуінің қосындысы.