$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екінші деңгейлі банктер 6 пайызбен несие береді

AstanaTV
23.11.2017ж. 20:00
3692
Екінші деңгейлі банктер 6 пайызбен несие береді

Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекет тарапынан 6 пайыздық несие беріледі. Оған жұмыссыз азаматтар да қол жеткізе алады. Сондай-ақ мұндай жеңілдік бизнестің кез келген түріне беріледі. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кеңесте айтылды. 

Биыл бастау алған жаппай кәспкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша өңірге 2 млрд 476 млн теңге бөлініп отыр. Әзірге соның 97 млн теңгесі 8 жобаны қаржыландырыпты. Тағы 500 млн теңгенің жобасы мақұлданған. Десе де мұндай мүмкіндікті көпшілік біле бермейтін болып шықты,- дейді  кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Сондықтан несие алғысы келетіндерге жаппай түсіндіру жұмыстары жалғаспақ.

Мая Бердалиева, «Даму» қорының бас менеджері:

Өз бизнес идеясы бар және жобасы бар құжаттарды дайындап келсе болды. Бұл бағдарлама бойынша егер де кепілдігі жетпей жатса, «Даму» қоры бастауыш кәсіпкерлерге 85 пайызға дейін гарантиясын береді, ал бұрыннан істеп келе жатқан кәсіпкерлерге 50 пайызға дейін береді, кепілдік мәселесі бойынша шешілген. Ал 15 пайызы депозит арқылы, ақша қою арқылы немесе оборудование қойып, ақшасын алса болады.