$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатылуы мүмкін

29.09.2025ж. 00:12
Бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатылуы мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Халық үшін бұл дегеніміз:

● тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шеңберінде сирек (орфандық) және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, дәрілік препараттардың бағасы бойынша қолжетімді болады;

● ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер, сондай-ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу жөніндегі қызметтер ҚҚС есебінсіз ұсынылатын болады.

Министрлік бұл шара пациенттерді қолдауға және емдеудің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз - медициналық көмек пен қажетті дәрі-дәрмектерді адамдарға барынша қолжетімді ету. ҚҚС-тан босату медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және пациенттерге уақтылы көмек алу үшін көбірек мүмкіндіктер береді»,- деп атап өтті ведомствода.

Қаулының жобасы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі шаралардың шеңберінде іске асырылады.