$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ құтқарушылары ақауы бар автокөліктен 7 адамды эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары ақауы бар автокөліктен 7 адамды эвакуациялады

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Сағашилі ауылынан 7 шақырым қашықтықта істен шыққан жеңіл автокөліктің жолаушыларына құтқарушылар көмек көрсетті.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жіберілді. Құтқару операциясы нәтижесінде автокөліктен 7 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Барлық эвакуацияланғандар Қандыағаш қаласына жеткізілді.

 Жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді қажет болмады. Эвакуацияланғандар құтқарушыларға дер кезінде көрсетілген көмек пен жедел әрекеттері үшін алғыс айтты.

ТЖМ тұрғындарға автокөліктерін шығар алдында, әсіресе ұзақ сапарға жоспарлаған кезде, техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыруды ескертеді.