$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы: 60 автобус тегін қызмет етеді

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы: 60 автобус тегін қызмет етеді

Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матч өткізеді. Ойынды тамашалау үшін шетелден 4 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті реттеу үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған.

Стадионда көрермендерге ыңғайлы болуы үшін 1,5 мыңнан астам орындық ауыстырылды. Санитарлық тораптар жаңартылып, қосымша 60 биодәретхана орнатылды. Матч аяқталған соң жанкүйерлердің үйіне жайлы жетуі үшін 60 автобус тегін қызмет көрсетеді.