Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бір жарым жыл ішінде прокуратура кәсіпкерлердің нағыз қорғаушысына айналды - Т. Кұлыбаев

AstanaTV
23.11.2017ж. 20:00
2089
Бір жарым жыл ішінде прокуратура кәсіпкерлердің нағыз қорғаушысына айналды - Т. Кұлыбаев

Бір жарым жыл ішінде прокуратура кәсіпкерлердің нағыз қорғаушысына айналды. Осылай деген Тимур Кұлыбаев Бас прокурор Жақып Асановтың жұмысына жоғары баға берді.

Тараптар "Кәсіпкерлерді қорғау" форумында бас қосты. Соңғы тоғыз ай ішінде кәсіпкерлер үстінен қозғалған қылмыстық іс 4 есеге азайған. Бір жыл бұрын 7900 іс қозғалса, биыл 1400. Оған жалған кәсіпкерлік туралы заңға енгізілген түзету негіз болыпты. Бір жыл ішінде бизнесті жан-жақтан тексеру 30 пайызға қысқарған. Қазір Парламентте қаралып жатқан Салық пен Кеден кодекстері де кәсіпкерлердің құқығын барынша қорғауға бағытталған дейді,- Тимур Құлыбаев. 

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы:

Салық кодексіне қатысты біз Үкіметпен оны одан әрі жетілдіру бойынша келістік. Салық санын азайту, бірқатар нормалар бойынша қайшылықтар туындаса, ол кәсікерлердің пайдасына шешіледі деп отырмыз.

Мемлекетік орган мен бизнес түйісетін барлық шаруаны электронды құжатайналымға көшіру көзделеді. Бұл парақорлық, қолдан жасалатын бөгеттерді тежеуге сеп болады,- дейді төралқа төрағасы. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысы бар ұлттық компания қызметкерлері бұдан былай заң алдында жауап береді. 

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы:

Квазимемлекеттік сектор мемлекеттік сатып алу туралы заңда мүлдем қаралмаған. Біз квазимемлекеттік сектормен отандық өндірушілерді қолдау бойынша ешқандай келісімге келе алмайтынбыз. Биыл "Самұрық-Қазына", басқа да ұлттық компаниялармен сатып алу процесінің ашықтығы жөнінде келісімге келдік. Сондай-ақ, заңға квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жауапкершілігі жөнінде өзгеріс енгізілді.