Иә, бүгін әлем назары Алматыға ауды. Корольдік клуб мүшелері мегополиске келгелі әлеуметтік желіде тыным жоқ. Тұрығындар түсірген түрлі видеода толассыз пікір жазылуда. Желідегі жанкүйерлердің қызықты оқиғаларын Аружан Задабек «Өзекті» айдарында талқылайды.
Қайырлы кеш, көрермен! Тақырып бізден, талқылау сізден.
Соңғы 2 күнде желі жарылып кете жаздады. Бәрі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи матч туралы айтып, түрлі видео жариялап жатыр. Алдымен әуежайға қалаға келген испандық футболшыларды қарсы алу үшін мыңдаған жанкүйер жиналды. Қазақ елі, әдеттегідей, қонақжайлылығын танытып алдымен бауырсағын ұсынды, әуелетіп ән салғызды. Бренд киіммен көмкерілген корольдік клуб мүшелерін қонақүй алдында да халық күтіп тұрды. Футбол тарихындағы алпауыт команданың бірі Алматыға келген соң, бәрі бір көріп, қолтаңба алуға асық. Үлкені бар, баласы бар бәрі қиқу салып, ерекше сәтті таспалап алыпты. Әлеу желіде әсіресе осы видео қызу талқыланып жатыр. Көргендер «мына кісінің енді арманы жоқ» деп әзілдеуде.
БЛИЦ:
- Легенда бол! Сен Реалды емес, Реал сені күтіп алсын.
- Бәрі Реалды көремін деп Алматыға барса, Реал көкемді күтіп алды ма?
- «Мен де жоғары көтерілемін» деп түр бермей, танымағансып тұра бермедің бе, көкеу?
«Реал Мадрид» бір демін алып, ертесі дайындыққа кірісті. Расын айтқанда, басында біздің стадионды көргенде қандай эмоция көрсетер екен деген ой болды. Тіпті, көбі «ұят болатын болды» деп бетті де басып үлгерген. Артынша мына видеоны көріп жүрегіміз елжіреді.
БЛИЦ:
- Сағат таңғы 4:14. Мен мына видеоны көріп жылап отырмын. Мбаппені бұрыннан жақсы көретін едім, енді, тіптен, қатты жақсы көріп кеттім.
- Балақайдың мәз болған түрінен... Қуанып қалды ғой.
- Көзіме жас келді ғой. Әр бала дені ау болып өмірге келсінші.
Бұл матч тек біздің емес, әлемдік БАҚ-тың да назарында. Мәселен, Испанияның белгілі бір газеті Қайраттықтарда жауынгерлік рух барын ерекше атап өткен. ЛЭД ВИДЕО Ал әйгілі «Нью-Йорк Таймс» басылымында «Қайрат» командасы енді ғана қадам басқанымен айтарлықтай табысқа жетеді деп сенім білдіріпті. Расымен, «Реал Мадрид» - «Қайраттан» 109 есе қымбат клуб. Аты да жер жарады. Бірақ бұл үмітті сөндірмеуі тиіс. Керісінше қолдау маңызды. Естеріңізде болса «Реал Мадрид» 2021 жылы құны «Қайраттан» төмен молдовалық «Шериф» командасынан ұтылып қалған. Бұл – мықты команданы біздің де ойсыратуға мүмкіндігіміз бар деген сөз.
БЛИЦ:
- Ойламаған жерден Қайрат ұтып кетсін. Сәттілік тілеймін.
- Қайрат ұтып, айды аспаннан бір-ақ шығарса ғой, шіркін.
Құрметті көрермен, бүгінге осы! Ел намысы сарапқа түсер тұста біздің жігіттерге бірге қолдау көрсетейік.