Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшылары «AMANAT» париясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттарымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын талқылады. Зауыт қызметкерлерінің жұмысын тоқтатпай, қондырғы маңында жиналды. Президент айтқан цифрлық Қазақстанды құру кәсіпорын үшін де маңызды. Өндірісте қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайтып, экологиялық жағдайды жақсарту үшін зауыт жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Айта кетейік, жуырда 80 жылдығын атап өткен зауыт 20дан астам өнім шығарады. 2500дей адам еңбек етеді. Оның 800ге жуығы- бастауыш партия ұйымының мүшесі.
АБЫЛАЙ ҚҰРМЕТ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АОФ ТӨРАҒАСЫ:
2025 жылды еліміздің Президенті «жұмысшы мамандықтар жылы» деп атаған болатын. Сондықтан да бүгінгі кездесуіміз осы Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмысшы мамандықтармен кездесу орынды деп есептеймін. Сол жас қызметкерлермен бірге осы жақта жұмысшы мамандықтармен бірге жолдауды талқылап, бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды. Алдағы уақытта мұндай үгіт насихат жұмыстары жалғаса береді.