$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ауыл аманаты» бағдарламасымен Қостанай облысында 300-ге жуық жеке кәсіпкерге несие берілді

30.09.2025ж. 19:00
«Ауыл аманаты» бағдарламасымен Қостанай облысында 300-ге жуық жеке кәсіпкерге несие берілді

Қостанай облысында 300-ге тарта ауыл кәсіпкері «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көріп отыр. Бұл жобаның ауыл халқына аса қажет екендігі анық. Бағдарлама басталғалы 17 мың шағын несие берілген. Тек Қостанай облысында мал, құс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге 1,6 млрд теңге  бағытталған. Жеңілдетілген несиенің жылдық мөлшерлемесі 2,5% пайыз. Ауылды дамытуға арналған  бағдарлама арқасында талай шаруа ісін ілгерлетіп отыр. Несиені мерзімінен бұрын өтеген он кәсіпкердің бастамасы қайта қаржыландырылды.

ОРАЗҒАЛИ НҰРҒАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ БАСПАСӨЗ БӨЛІМІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Мәселен, Заречное ауылының тұрғыны Қымбат Қоңқиева 5,2 млн теңге алып, 13 ірі қара сатып алды.Үштөбе ауылынан Кәмшат Әбілова алған несиесін жылқы шаруашылығын кеңейтуге бағыттады.Қостанай ауданында  кәсіпкер алған қаражатты құс шаруашылығын дамытуға жұмсады.Биыл ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 1,5 млрд теңге қаржыландыру қарастырылған. Бүгінгі күнге алғашқы транш – 300 млн теңге бөлінді.