$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда «AgroSkills-2025» республикалық байқауы өтті

Қостанайда «AgroSkills-2025» республикалық байқауы өтті

Қостанай облысында «AgroSkills-2025» республикалық байқау өтті.Оған еліміздің 14 облысынан келген 14 студент қатысты.Олар- өңірлік кезеңнен іркілмей өткен жеңімпаздар. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған байқаудың негізгі межесі аграрлық сектордың мәртебесін көтеру. Осы салада жұмыс істейтін жас мамандардың шеберлігін шыңдау. Жарысқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім ошақтарында оқып жатқан шәкірттер қатысты. Олар  трактор тізгіндеу, жабдықты диагностикадан өткізу және жөндеу, заманауи цифрлық технологияларды қолдану секілді кезеңдерде бақ сынады.Екі күнге жалғасқан байқауда бірінші орынды Қостанай облысының студенті иеленсе, екінші орын Ақмола және Абай облысының еншісінде. Үшінші орынға Павлодар, Ақтөбе,  Жамбыл облысының жастары лайықты болды. Республикалық конкурсты Оқу-ағарту министрлігі мен  Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы  бірлесіп ұйымдастырды. 

ТІЛЕК АХМЕТҒАЛЫМ, “ТАЛАП” КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АҚ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Қостанай еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы орталықтарының бірі.Қазақстанның астықты астанасы деп аталатын қасиетті өлке.Сол үшін де осы жер таңдалып отыр.«AgroSkills» чемпионаты осыған дейін 2013 жылы Қызылорда аймағында өткен екен. Міне араға 12 жыл салып Қостанай жерінде өтіп жатыр.Енді бұл жерде қазір дайындық деңгейін барлығын қарап отырмыз.Өте жақсы деңгейде дайындалған.