Бизнес-менеджмент, жасанды интеллект секілді мамандықтар бойынша білімді мектептен-ақ алуға болады. Елордадағы кейбір білім ошақтары осымен бірнеше жыл бойы оқушыларды жаңа салаға бейімдеуде. Бұл халықаралық бағдарлама оқудағы әртараптылық, жасанды интеллект пен академиялық адалдыққа негізделген. Осындай атпен Елордадағы № 81 «Astana English School» халықаралық мектебінде республикалық симпозиум өтті. Жүйенің елімізде пайда болғанына көп бола қоймаса да, Астана мен Алматы қалаларында кеңінен етек жайып келеді. Енді олардың қатарына Қарағандылық бірнеше мектеп қосылуы мүмкін. Бастысы, бұл жоба, бірінші кезекте оқушының ұсыныстарын қанағаттандыруды көздейді.
ГҮЛНАР САЛМЕН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВРИАТ МЕКТЕПТЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ:
Оқытудағы дифферинциация дегеніміз – әр баланың ерекшелігін ескеру. Бұл тек Қазақстан ішінде ғана емес, бүкіл әлем ішінде ең қиын жүзеге асырылатын жүйелердің бірі. Ол негізі оқытудың әдісі. Біз оны барлық мектеп ретінде қолға алуымыз керек. Өйткені, әрбір бала – жеке тұлға. Олардың қажеттіліктері бар. Сондықтан, соны ескере отыра сабақ барысын дайындағанымыз жөн.