«Реал» Алматыға жұлдызды құраммен келді. “Қайратты” қолдаған жанкүйерлер бір минутқа да дамыл таппады. Алаң қожайында ойынды белсенді бастады. Тіпті алғашқы минутта гол соғатын мүмкіндігі болды. Қонақтар содан кейін тізгінді өз қолдарына алып, 25-минутта Килиан Мбаппе 11 метрлік айып добынан есеп ашты.
Одан кейін Шерхан Қалмұрза алғашқы тайм соңына дейін қақпасын қырағылықпен күзетті. Бірақ ойын соңына дейін тағы төрт допты қақпасынан алып шықты. Килиан Мбаппе хет-трик авторы атанса, Эдуарду Камавинга мен Браим Диас бір-бір голдан соқты.
Айта кетейік, алғашқы турда «Қайрат» сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылған болатын.