Қазақстан халқы алғашқы атом электр стансасының атауына қатысты 20 мыңнан астам ұсыныс келген, деп хабарлайды Astana TV.
Нақтырақ айтсақ, қазірдің өзінде 20 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Халықтың бұл байқауға қатысуға деген қызығушылығы жоғары. Біз алдын ала талдау жасадық. Ең көп таралған ұсыныстардың негізінен үш топтама бар, — деді Алмасадам Сәтқалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ұсыныстардың бірінші топтамасы географиялық орналасуға қатысты. Бұл ретте Балқаш, Іле немесе Үлкен деген атаулар. Мойынқұм, Мойынқұм атом электр станциясы атты ұсыныстар да бар.
Бұдан бөлек, Қазақстан халқы ұсынған атаулардың екінші топтамасы Қазақстандағы елеулі тарихи, саяси және ғылыми қайраткерлердің есімдерін қамтиды.
Станцияға академик Шөкиннің, Батуровтың, Қаныш Сәтбаевтың, сондай-ақ Абайдың есімін беру туралы ұсыныс бар, — деді ол.
Агенттік басшысы барлық ұсынысты этнографтар, тарихшылар, уран саласының өкілдері, блогерлер, қоғамдық пікір көшбасшылары кіретін арнайы комиссия сараптап жатқанын айтты.