$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазан айынан бастап не өзгереді?

01.10.2025ж. 13:17
Қазан айынан бастап не өзгереді?

Қазан айынан бастап қазақстандықтар үшін бірқатар өзгеріс күшіне енеді, деп хабарлайды Astana TV.

Бүгін – мүлік салығын төлеудің соңғы күні. Егер азаматтар уақытында төлемесе, ертеңнен бастап айыппұл салынады. Сонымен бірге 21 жасқа толмағандар енді Шарм-эль-Шейхке тек ересектердің еріп жүруімен ғана бара алады.

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау да бүгін басталды.

1–3 және 6 қазан күндері Қазақстан–Қытай шекарасында уақытша шектеулер енгізіліп, көлік өткізу бекеттері жабылады.

Ал 5 қазаннан бастап қоғамдық орындардағы тегін Wi-Fi-ға қосылу үшін жеке басыңызды растауыңыз қажет болады.