$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасының үздік сейвтері қатарына енді

01.10.2025ж. 16:14
Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасының үздік сейвтері қатарына енді

18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза УЕФА Чемпиондар лигасының ресми аккаунты жариялаған күннің үздік сейвтері топтамасына енді, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл жолы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесуде қақпашының Мбаппенің 21-минуттағы қауіпті соққысын қайтарғаны ерекше аталып өтті.

Бұл Шерхан Қалмұрзаның халықаралық деңгейде екінші мәрте үздік сейвтер қатарына енуі. Жас қақпашы ойын барысында сенімді ойынымен көзге түсіп,жанкүйерлердің жоғары бағасын алды.