Алматы облысында екі АЭС салынуы мүмкін. Бірінші алаң - Үлкен. Ал екіншісі, әзірге, белгісіз. МАГАТЭ талаптарына сай енді анықталады. Екі атом электр станциясы да Балқаштың жағалауында бой көтереді. Бұдан бөлек Абай облысының Курчатов қаласы да арнайы аумақ ретінде қарастырылып жатыр.Елдегі алғашқы АЭС-ты салу жұмысы бұған дейін Ресейдің «Росатом» компаниясына берілсе, екінші және үшінші қытайлық компанияға тапсырылуы ықтимал. Сондай-ақ алғашқы станцияның аты әлі қойылмады. Бұл бойынша бүгінге дейін 20 мыңнан астам ұсыныс түскен.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ, ҚР АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Екінші атом электр станциясы да оңтүстік өңірде салынады. Өйткені, өздеріңіз білесіздер электр энергиясының тапшылығы әсіресе оңтүстікте қатты сезіледі. Қазір ол жаққа электр энергиясы "Солтүстік – Оңтүстік" транзиті бойынша жіберілуде. Қазір құрылыс жүргізуге үміткер компанияның барлығымен келіссөз жүргізіліп жатыр.