Достық-Мойынты теміржолының екінші желісінің іске қосылуы - орта дәлізді дамытуға жасалған маңызды қадам. Алдағы жылдарда Достық стансасы мен Ақтау порты екі жолақты теміржолмен байланысып, күніне 60 жүк пойызы емін-еркін өтпек. Бұл - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі теміржол құрылысы.
ДАНИЯР АНАРБЕК, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
2019 жылы 17,6 млн тонна транзиттік жүк тасымалданса, 2024-і жылдары 27,5 млн тоннаға жетті. Жоба аяқталғаннан кейін осы бағыттағы тасымал 50 млн тоннаға дейін артады деп жоспарлануда. Бұл Қазақстанның Халықаралық көлік дәліздеріндегі позициясын нығайтады және Еуразиялық кеңістікте маңызды логистикалық торпақа айналуға мүмкіндік береді.